БАТЫРХАН ШҮКЕНОВ МҰРАТ НАСЫРОВҚА ӘН АРНАДЫ
«Один в один» шоуына қатысып жатқан Батырхан Шүкенов әділ қазылар алқасы мен көрермендерді тағы да таңғалдырды. Бұл жолы қазақстандық орындаушы атақты әнші Мұрат Насыровты сомдап, оның «Я – это ты» әнін шырқады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Один в один» шоуында кезекті өнер көрсетуім, ең бірінші кезекте әншіні сомдау емес, өзімнің досым әрі інім – Мұрат Насыровтың рухына тағзым етуім. Барша жұртқа танымал әнді мен Ресейдің үздік джаз пианиношыларының бірі Евгений Лебедевпен орындаймын», - деп жазады Батырхан ВКонтактедегі ресми парақшасында.
Айта кетсек, қазақстандық әнші Ресейдің әйгілі шоуының фавориті болып табылады, бес бағдарламаның қорытындысы бойынша Батырхан Шүкенов 194 ұпай жинады – бұл жобадағы ең үздік нәтиже. Бұған дейін атақты әнші Лучано Паваротти, Леонид Агутин, Юрий Антонов және Сезария Эвораны сомдаған болатын.