«БИЛЕ, ӨНЕР ШАРЫҚТА!» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БИ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қала әкімдігінің қолдауымен, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы аясында Сыр өңірінің би өнеріне өзіндік үлес қосқан хоеограф, қоюшы-режиссер, Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері Болат Майлыбайұлы Қаржаубаевты еске алу мақсатында «Биле, өнер шарықта !» атты облыстық би байқауы өткізілді.
Байқауға 23 би топтары қатысты. Ереже бойынша сайыс 2 кезеңнен өтті, 1-ші кезеңде би топтары Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған тақырыпта би қойылымын, ал 2-ші кезеңде еркін тақырыптағы би қойылымын көрсетті. Байқауға қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлініп бақ сынады.
Байқауда Т.Жүргенов атындағы өнер Академиясының хореография бөлімінің профессоры, Болат Қаржаубаевтың би өнеріндегі алғашқы ұстазы Қадыр Андосов, Алматы Қыздар педагогикалық университетінің хореография кафедрасының аға оқытушысы Алмас Қаржаубаев, ақын, режиссер, ҚР Мәдениет Министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері Оңталап Нұрмаханов қатысушылардың өнерін сарапқа салды.