ӨНЕРПАЗДАР АУДАНДЫҚ БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Жаңақорған ауданы Сунақата ауылдық клуб үйінде облыстық ХVІІ Бозторғай балалар шығармашылығының аймақтық іріктеу туры болып өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтық байқауға Төменарық, Қожамберді, Екпінді, Еңбек, Сунақата ауылдарынан 6-17 жас аралығындағы талантты өнерпаздар қатысты. Байқау шарттары бойынша өнерпаздар ән, би жанрлары бойынша жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп,өз өнерлерін көрсетті.
Байқауда Ән жанры бойынша өз таланттарымен ерекше танылған Сунақаталық Сұңқар Әлимұса, Екпінділік Ұлбосын Сұлтанбек, Төменарықтық Ділназ Берістем, Би жанры бойынша Қожамберділік «Баршын» бишілер тобы үздік деп танылып, аудандық байқауға жолдама алды.