Қарағандыда өткен аламанда Мұхтар Ниязов жүлдемен оралды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қарағандыда ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айтулы додаға барлығы 18 ақын қатысып, бақ сынады.
Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасының шешімімен қарағандылық Мақсат Аханов пен астаналық Жандарбек Бұлғақов бас жүлдені (2 млн теңгеден) жеңіп алды.
Батысқазақстандық Бауыржан Ширмединұлы мен астаналық Өміржан Көпбосынов бірінші орынға (1 млн теңгеден) ие болды.
Қызылордалық Мұхтар Ниязов бастаған бірнеше ақын екінші, сондай-ақ үшінші жүлделерді бөлісті.
Бұдан бұрын да республикалық додаларда жүлде алып жүрген Бауыржан Ширмединұлы «Жайық Пресс» ЖШС-ға қарасты Сырым аудандық «Сырым елі» газетінің директор-редакторы қызметін атқарады.
«Айтыстың деңгейі жоғары болды. Алғашқы күні қарағандылық Төлеген Жамановпен сөз сайыстырдым. Финалда Жандарбек Бұлғақовпен сахнаға шықтым. Екеуінде де жоғары балл алдым», деді Бауыржан Ширмединұлы.