Қызылордада республикалық патриоттық ән фестивалі басталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып отырған «Жастар жылын» мерекелеуге арналған «Әр жүректе – туған жер!» өңірлік патриоттық ән арт-фестивалі басталды.

Конкурс вокал номинациясында өткізіледі. Қатысушылар дуэт, трио, квартет ретінде шығармаларын эстрадалық, академиялық және халық стилінде ұсынбақ. Олар вокалдық мәліметтер, репертуардың көркемдік құндылығы, орындау шеберлігі және костюм киюі бойынша бағаланады.
Фестиваль қорытындысын композиторлар, вокалдық шеберлік оқытушылары, мәдениет қайраткерлері мен қызметкерлері қатарынан құрылған қазылар алқасы шығаратын болады.