Қармақшылық өнерпаздар Әзербайжан елінен олжалы оралды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Жыраулар үйінің шәкірттері Әзірбайжан еліндегі байқауда жеңімпаз атанды.
Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйі 2006 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Сол уақыттан бері жыраулық өнерді дәріптеп, шәкірт тәрбиелеуде. Қазіргі таңда мектепте 6 үйірме бар. Оның 5-уі жыраулық өнерді дәріптеуге бағытталған. Мектеп ұстаздары шәкірт тәрбиелеуде орасан зор еңбек етуде. Шәкірттер де түрлі сахналарда өнер көрсетіп, байқауларда оза шабуда.
Атап айтар болсақ, Жыраулар үйінің шәкірттері Әзербайжанда өткен Мугам фестивалінде елдің атын асқақтатты. Қармақшылық Тоғжан Бақытова мен Ділназ Ташмұхаммед 16 мемлекеттің жас өнерпаздары қатысқан байқауда жеңімпаз атанды. Жас өнерпаздар бұған дейін, Өзбекстан, Қытай, Ресей және басқа да мемлекеттерде өткен байқауларда жүлделі оралған.