500 мың теңге Шымкенттің «Миллионына» кетті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада жастар күніне орай облыс әкімінің жүлдесіне арналған жайдарман сайысы өтті.
Облыстық Нартай Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында өткен сайысқа республиканың әр өңірінен 9 команда қатысты.
Сайыс нәтижесінде I-орын Шымкент қаласының командасы «Миллионға» бұйырды. Жүлде қоры 500 000 теңге. II-орын Шымкент қаласынан келген «Байдың балалары» командасы алып, 300 000 теңгемен марапатталды. III орынға жерлестеріміз Жалағаш құрамасы ие болып, 150 000 теңгенің сертификаты табысталды.
Сонымен қатар Өсер Бердіқұлов атындағы жүлде мен «Үздік ойыншылар» номинациясы ОҚМПУ құрамасына берілді.
Айта кетейік, бұл сайыста жеңімпаз атанған командалардың жүлде қорынан 10 пайызы «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасына аударылатын болады.