Қармақшыда Сұлтан Сармолдин атындағы облыстық байқауы өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылында өңіріміздің мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген ардагер Сұлтан Сармолдин жүлдесі үшін «Үздік көшбасшы-2019» клуб кәсіпорны директорларының облыстық байқау өтті.
Байқауды Қармақшы ауданы әкімдігі мен Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы ұйымдастырды.
Облыстық байқаудың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев сөз сөйлеп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қызылорда қаласы мен аудандардан қатысқан клуб кәсіпорны директорларының байқауының нәтижесінде бас жүлдені Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылдық клубының директоры Бақыткүл Тасқожаева жеңіп алды. Жүлделі І орынды Қармақшы ауданы, Төретам кенттік клубының директоры Айгерім Айтжанова қанжығасына байласа, Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылдық клубының директоры Жасұлан Жәрменов ІІ орынды иеленді. ІІІ орынды Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылдық клубының директоры Қалимаш Сейділдаева мен Сырдария ауданы, Айдарлы ауылдық клубының директоры Анар Қалдыбаева өзара бөлісті.