ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚХА ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, дарынды жастардың шығармашылығын дамыту мақсатында «Достық. Бірлік. Береке» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
Байқауға Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандары мен жоғары және арнаулы оқу орындарынан 14-25 жас аралығындағы 27 талапкер қатысты.
Жас ақындар байқау ережесіне сәйкес еліміздегі ұлттар арасындағы татулық пен бірлікті насихаттауға арналған өлеңдерін оқыды.
Мүшәйраға қатысушыларды әділ қазылар 2 топқа бөліп бағалады. 1-топ бойынша: І орынға Ұлықбек Тәңірбергенов, ІІ орынға Бекжан Ержігіт, ІІІ орынға Серікхан Жүзеев ие болды. 2-топ бойынша: І орынға Данияр Уәлиев Данияр, ІІ орынға Елжас Әбділда, ІІІ орынға Дина Бөкебай ие болды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, ескерткіш сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.