Димаш Құдайберген АҚШ-та жеке ән кешін береді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Димаш Құдайберген Нью-Йорк қаласындағы әлемге танымал Мэдисон-сквер-гарден кешенінде жеке ән кешін береді. Бұл туралы Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Райымқұлова үлкен шоудың Нью-Йорктің ең танымал сахнасында осы жылдың қазан айында өтетінін атап өтті.
Министр Димаш Құдайберген түрлі елдерде бірнеше үлкен концерттер өткізгенін еске салды.