Қызылордада «Парасатты поэзия» атты халықаралық фестиваль өтіп жатыр
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Сыр елінде «Парасатты поэзия» атты халықаралық фестиваль басталды. Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан фестиваль 26-30 мамыр аралығында өткізіледі.
Фестиваль Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына және ақын, сыншы аудармашы Жарасқан Әбдрашұлының шығармашылығына арналып отыр.
27-28 мамыр күндері Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш аудандары мен Байқоңыр қаласында, 30 мамыр күні облыс орталығындағы іргелі оқу орындары – Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Болашақ университеттерінде кеш қонақтарымен кездесу ұйымдастырылып, 29 мамыр күні сағат 17.00-де Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында фестивалдің қорытынды шарасы өтеді.
Шара аясында театрда өтетін жыр мерекесінде «Ұлы дала үні» атты қырғыз тілінде тәжімаланған жыр жинағы мен Жарасқан Әбдірашұлының «Дала сенің ұлыңмын» атты кітабының тұсауы кесіледі.
Сондай-ақ 29 мамыр сағат 11.00-де «Аray City Mall» сауда орталығының «Kinoplexx Кызылорда» кинозалында белгілі режиссер Р.Әбдіраштың «Қазақ хандығы алтын тақ» фильмінің тұсау кесер көрсетілімі өтеді.