«ҚАЗАҚСТАН ДАУЫСЫ» АҚПАНДА АЙҚЫНДАЛАДЫ
«Қазақстан» телеарнасындағы «Қазақстан дауысы» мегажобасы аяқталуға таяп қалды. Жақын арада телекөрермендер жеңімпазды анықтайтын болады, деп хабарлады Ұлттық арнаның баспасөз қызметінен.
«Қазақстан дауысы» байқауының финалын «Қазақстан» телеарнасы 15 ақпанда cағат 21.00-де тікелей эфирде көрсетеді, оған төрт үміткер шығады. Орындаушыға қолдау көрсету үшін 3075 номеріне рет саны бар СМС жолдауға немесе 88090803075 номеріне қоңырау шалуға болады.
Жеңімпаз 5 млн. теңге мен әлемге әйгілі «Universal» дыбыс жазу студиясымен келісімшартқа отыру мүмкіндіне ие болады.
Бұл жоба The Voice of Holland (Нидерланды) немесе «Голос» түпнұсқалық форматының қазақстандық нұсқасы 2013 жылдың жазында басталды. «Қазақстан Дауысы» жобасының алғашқы маусымының жеңімпазы - Қостанай облысының тумасы 27 жастағы Шахаризат Сейдахмет. Орындаушының тәлімгері - Нұрлан Албан.
«Қазақстан Дауысы» 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - барлық қатысушыларды тыңдау арқылы әділқазылардың әрқайсысы төрт топ құрады. Екінші кезеңде әр түрлі топтардың мүшелерінен құралған жұптық сайыс өткізіледі. Үшінші кезеңде жеңімпаздарды халық SMS-дауыс беру арқылы анықтайды.