Димаштың жаңа бейнебаянын жарты тәулік ішінде 150 мың адам тамашалады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Димаш Құдайбергеннің "Любовь уставших лебедей" әніне түсірген бейнебаяны тыңдармандарға жол тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әннің авторы ресейлік ақын Михаил Гуцериев, ал музыкасын композитор Игорь Крутой жазған. Бейнебаянды түсірген режиссер – Алан Бадоев.
Оның айтуынша, клиптің негізгі идеясы жұптасып қана ұша алатын жалғыз қанатты періштелер туралы аңыздан бастау алады.
Бейнебаян Испания мен Украинада түсірілді, оған 70-тен астам адам қатысқан екен.
Бұл әнді Димаш алғаш рет былтыр қараша айында Кремль сарайында айтқан болатын.
Таңғажайып дауыс иесі Instagram парақшасында тыңдармандарына жаңа бейнебаянының шыққанын хабарлады.
"Любовь уставших лебедей" әнінің клипін жарты тәулік ішінде 150 мыңға жуық адам тамашалап, 16 мың тыңдарман лайк басқан. Бір қызығы, төрт жүзден астам адамға бейнебаян ұнамапты.