Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ДРАМА ТЕАТР ЛОНДОНҒА ШАҚЫРТУ АЛДЫ
Бұл туралы бүгін Қызылорда облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ержан Әбдірахманов «Сыр медиа» жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында журналистерге арнап өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Өткен жылы Астана қаласында үш тұғырлы тіл саясатын қолдау мақсатында халықаралық фестиваль өтті. Онда Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театры жазушы-драматург Д.Исабековтың «Өкпек жолаушы» спектаклін саханалады. Қойылымды ұнатқан ұлыбританиялықтардан қызылордалық театр ұжымы Лондонда өнер көрсетуге шақырту алып отыр.