Димаш Құдайберген Ақтөбеде ашық аспан сахнасында ән айтады
«Бақытты бала» сайысы тамыздың аяғы немесе қыркүйектің басында өтеді, деп мәлімдеді қала әкімі Ілияс Испанов.
«Былтыр Димашпен бірге «Бақытты бала» атты халықаралық байқау ұйымдастырдық. Ол жыл сайын болады деп бекітілді. Биыл қаладағы іс-шараларға байланысты сайыс тамыздың аяғы немесе қыркүйектің басында болуы тиіс. Содан кейін ашық аспан сахнасында Димаш гала-концерт өткізбек», — деді қала әкімі Ілияс Испанов.
Еске сала кетейік, былтыр «Бақытты бала» сайысына қатысуға 400-ден астам бала тілек білдірген. Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені ақтөбелік Нарғыз Жанұзақова мен Ержан Максим алды. Әр өнерпазға 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.
aktobenews.kz