Димаш Құдайберген Ақтөбенің 150 жылдығында концерт береді
Әнші Димаш Құдайберген Ақтөбе қаласының 150 жылдығын мерекелеу кезінде концерт береді. Сонымен қатар облыстағы 12 аудан қалаға өз сыйын жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қала тұрғындары мен қонақтарына мерейтойды еске салатын әлеуметтік, өндірістік нысандарды қолданысқа беру керек. Бұл шарадан бірде бір ақтөбелік тыс қалмайды. Әр адам өз үлесін қосуы тиіс", - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.