Жазба ақындар мүшәйрасы өтті
Сырдария ауданы Сәкен Сейфуллин ауылдық округінде «Сыр ақыны – Сейфолла» атты аудандық жазба ақындар мүшайрасы өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара ақын, аудармашы Сейфолла Оспанның 80 жасқа толуына орай ұйымдастырылды.
Өлең-жыр сайысына ауданның әр ауылынынан жазба ақындары қатысты.
Мүшайра соңында қазылар алқасының шешімімен бас жүлде А.Тоқмағанбетов ауылынан келген Бақытжан Қалымбетовке табысталды. Жүлделі І орынды С.Сейфуллин ауылының ақыны Гүлсім Жоламанова иеленсе, ІІ орын тұғырынан Қалжан ахун ауылынан келген Самат Жұмаділ көрінді. Ал, жүлделі ІІІ орынды Шаған ауылынан келген Нұржамал Ізбасқанова жеңіп алды.
Қалған қатысушылар белсене қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды.