Жас мемлекеттік қызметшілер жайдарман ойнайды
19 желтоқсанда жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты «Жайдарман» ойыны өтеді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн. Атаулы датаға орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облыс әкімдігі және "Қызылорда КВН" филиалының ұйымдастыруымен 19 желтоқсанда «Жайдарман» ойыны өтеді.
Көңілді тапқырлар клубының сайысы Н.Бекежанов атындағы драма театрында сағат 19-00-де басталады.
Сайысқа облыс аумағындағы 29 жасқа дейінгі жас мемлекеттік қызметшілер қатысады.
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2018-12/1544605778_12zhaidarman1.jpg)