«Томирис» Абу-Дабиде өнер көрсетуде
Қызылордалық «Томирис» би ансамблі Абу-Даби қаласында өтіп жатқан Заид атындағы мәдени фестивальде өз өнерлерін көрсетуде, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты 2 желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктері Ұлттық күнінің тойлануына орай және оның халқы мен қонақтарын әлем елдерінің ұлттық мәдениеттерімен таныстыру болып табылады. Қазақстан аталған іс-шараға осымен төртінші рет қатысуда.