ҚЫЗЫЛОРДАДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАР АРАСЫНДА ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Шараға республика, облыс көлемінде бұрын өнер көрсетіп жүрген Сағатбек Сиюов , Диана Смағұлова , Айгерім Оразбаева сынды белсенді жастармен бірге, Шиелі, Қазалы аудандарынан келген Шынар Талғатқызы, Қайрат Алмағанбетов, Мадияр Жеткербай сияқты жас өнерпаздар да қатысты.
«Елімнің жүрегі Астана» әнімен басталған өнер кеші «Тодес», «Аққу», «Үнді» билерімен жалғасып, «Жаса Қазақстан» әнімен көркемделіп, «Ғажайып түс» әнімен қорытындыланды. Халықаралық деңгейде өнер көрсетіп жүрген «Белес» би тобы «Испан» биін билеп, көрермендерді тәнті етті.
Шара соңында облыстық жастар саясаты басқармасының бас маманы Гүлнар Сәрсенбай мен «Азаматтық Альянс» Қауымдастығы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, мерекемен құттықтады.





