КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН КҮМБІР САЗ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Дидар» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблінің шығармашылық есеп беру кеші өтті. Бұл туралы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі таңда «Дидар» ансамблі өнер әлемінде өзіндік орнын қалыптастырған, шоқтығы биік фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер қатарында. Шара барысында «Дидар» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблі халық әндері мен күйлерін, терме-толғауларын орындап қана қоймай, шетел композиторларының шығармаларын да орындады. Ансамбльдің шығармашылық кешінде университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов өнер ұжымына алғысын білдіріп, шығармашылық еңбекте табыс тіледі.