ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЫР ДОДАСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Көрермендердің де сахна төрінен орын алған әр жұпқа деген қошеметінен олардың айтыс өнерін сағынып қалғанын айқын аңғарасың.Сөз сайысында айтыскер ақындар елдік, бірлік тақырыбын жырға арқау етті. Сахнада сынға түскен 14 ақынның барлығы да көпшіліктің қошеметіне бөленді. Жыр сүйер қауымды ынтықтырып жеткен айтыстың бас жүлдесін жерлесіміз, «Алтын домбыраның» екі мәрте жеңімпазы Мұxтар Ниязов жеңіп алды. Көрерменді жырмен сусындатқан Мұхтар Ниязовқа Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев аталған өңірдегі «СарыарқаАвтоПром» машина жасау зауытында құрастырылған «Пежо» автокөлігін сыйға тартты. Жүлделі орындардан көрінген басқа да ақындарға арнайы диплом мен қаржылай сыйлық табыс етілді.