ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН АШТЫ
Қызылорда облыстық филармониясы биылғы жылдың маусымдық ашылу концертін Алты алашқа ана болған Сыр елінің бас қаласы – Қызылорданың 200 жылдығы мерекесі аясында камералық оркестрдің концертімен бастады.
Оркестрдің дирижеры – «Құрмет» ордені және «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері К.Ботабаев, көркемдік жетекшісі – А.Жаңбырбаева.
Сахна төрінде оркестр шетел және қазақстандық композиторларының үздік туындылары ойнады. Мысалы, оркестр өнерпаздары көрермен қауымға Моцарт, А.Вивальди, ДЖ.Ласт, ДЖ.Пуччинидің үздік шығармаларын ұсынды. Жеке орындашыларға келсек, халықаралық байқаулардың лауреаттары М.Мақұлбеков Абайды дүниежүзі әдебиеттің өресіне көтерген туындыларының бірі «Айттым сәлем Қаламқас» әнін орындап, көрермен ықыласына бөленсе, Сыр елі классикалық өнерінің дарабозы С.Тасбергенова қазақтың белгілі композиторы Л.Хамидидің «Қазақ вальсін» өз нақышында тыңдарман қауымның жүрегіне жеткізе орындады.
Сондай-ақ, концертте А.Исмаилов, Р.Балмасов, Б.Шауменов, А.Жаналиева сынды оркестр әртістері өз шеберліктерін паш етті.
Осылайша, камералық оркестрдің орындауындағы әрбір шығарма көрермендерге ерекше әсер етті.