«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕР ТЕАТРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ПРЕМЬЕРАСЫ
Өткен аптаның жұмасында «Болашақ» университетінің студенттер театры кезекті премьера жасады. Қоғамға жат қылықтан арылуды үндеп жүрген жастар труппасы бұл жолы Лидия Егембердиеваның «Қалталы күйеу қайдасың?» атты пьесаны қойды.
Басты рөлдерді университет студенттері Гүлжанат Жарасбаева, Назерке Қали және колледж студенті Махаббат Аубакирова сомдады. «Қалталы күйеулер» рөліндегі Нұрмұхаммед Икрам, Нұрдәулет Ораз, Бекет Табынбаев, Бекжан Ержігіт сынды студенттердің актерлік таланттарына көрермендер риза болысты. Пьесаны жас режиссерлер Қанат Архабаев және Әсел Баймұханова қойды.
Қойылымды университет және колледж жастарымен қатар, «Жас Отан» Жастар қанатының барлық оқу орындарындағы атқарушы хатшылары, облыстағы белсенді жастар тамашалады. Алдағы уақытта студент-жастар труппасы қаңтар айының ортасында жаңа кастинг ұйымдастырып, сәуір айында жаңа пьеса қоюды жоспарлап отыр.
«Болашақ» университетінің баспасөз қызметі