ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚЫСҚАМЕТРАЖДЫ ЖАҢА ФИЛЬМНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛМЕК
«Dala Cinema» продюсерлік орталығының алғашқы жобасы «Кем дүние» қысқаметражды көркем фильмінің тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Орталықтың директоры әрі фильмнің продюсері Қайрат Сағынаевтың айтуынша аталған кинода махаббат пен өмірге деген арпалыс суреттеледі. Көркем фильмнің мақсаты да Сыр өңірінде киноиндустрияны дамыту. Сондай-ақ, аймағымыздың мәдениет мен өнер саласына қанат қаққан талантты жастарына жол көрсету.
Фильм түсіруге жергілікті мамандар мен студенттер тартылған. Сонымен қатар, басты рөлдерде облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрының актері Данияр Сабыров және «Болашақ» университетінің студенті Әлия Ермаханова.
«Кем дүние» қысқаметражды көркем фильмінің тусаукесері желтоқсан айының соңғы күндеріне жоспарланып отыр.
Фариза ОМАРОВА