САХНАДА ҚЫЗЫЛОРДА ЖӘНЕ БАЙҚОҢЫРЛЫҚ ӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ТАРТУ ЖАСАДЫ
Осы аптаның сейсенбісінде Н.Бекежанов атындағы драма театрында Байқоңыр қаласының өнер шеберлерінің мәдениет күндері өткізілді.
Достық дәнекеріне айналған ғарышты шаһар өнерпаздарының концерттік бағдарламасын облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тамашалады.
Қызылорда қаласындағы өнер күндеріне байқоңырлықтар үлкен дайындықпен келген. Жұртшылық алдында олар түрлі әндерді орындап, мың бұрала биледі. Атап айтқанда, көпшілік "Цветы земли”, "Песня Победы”, "Земля моя”, "Мы такие разные” сынды әндерді тыңдап, өнерпаздарға қошеметпен қол соқты. Сондай-ақ, байқоңырлық өнер иелері "Ласточки”, "Мереке”, "Барыня”, "Самоцветы” билерін көрерменге тарту етті. Қызылорда жұртшылығы алдында "Веретенце”, "Терра”, "Престо” топтары өнер көрсетті.
Концерттік бағдарлама белгілі композитор Бейбіт Оралұлының "Өнер жолы” әніне қойылған тақырыптық прологпен ашылды. Сонымен қатар, балалар ән-би ансамблі "Алға, Қазақстан” әнін шырқаса, Қызылорда қаласының спорт және өнер саласының жүлдегерлері "Чемпиондар” әнін орындады. Қазанғап атындағы музыкалық колледжі мен Өнер мектебінің домбырашылар ансамблі қазақ күйлерінен попурри орындаса, одан кейін ер балалар хоры "Сыр-Ана” әнін көпшілікке тарту етті. Бұдан кейін де көптеген шығармалар жұртшылық алдында көрсетілді. Аталмыш шарада осылайша қызылордалық көрермен қауым көптеген туындыларды тамашалап, олардың өнерін жоғары бағалады.
Достық дәнекеріне айналған ғарышты шаһар өнерпаздарының концерттік бағдарламасын облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тамашалады.
Қызылорда қаласындағы өнер күндеріне байқоңырлықтар үлкен дайындықпен келген. Жұртшылық алдында олар түрлі әндерді орындап, мың бұрала биледі. Атап айтқанда, көпшілік "Цветы земли”, "Песня Победы”, "Земля моя”, "Мы такие разные” сынды әндерді тыңдап, өнерпаздарға қошеметпен қол соқты. Сондай-ақ, байқоңырлық өнер иелері "Ласточки”, "Мереке”, "Барыня”, "Самоцветы” билерін көрерменге тарту етті. Қызылорда жұртшылығы алдында "Веретенце”, "Терра”, "Престо” топтары өнер көрсетті.
* * *
Кеше Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен облыс аудандарының өнер күндері мәресіне жетті. Облыс орталығы тұрғындары алдында Қызылорда қаласының көркемөнерпаздары ән-жырдан шашу шашты. Бұл шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.Концерттік бағдарлама белгілі композитор Бейбіт Оралұлының "Өнер жолы” әніне қойылған тақырыптық прологпен ашылды. Сонымен қатар, балалар ән-би ансамблі "Алға, Қазақстан” әнін шырқаса, Қызылорда қаласының спорт және өнер саласының жүлдегерлері "Чемпиондар” әнін орындады. Қазанғап атындағы музыкалық колледжі мен Өнер мектебінің домбырашылар ансамблі қазақ күйлерінен попурри орындаса, одан кейін ер балалар хоры "Сыр-Ана” әнін көпшілікке тарту етті. Бұдан кейін де көптеген шығармалар жұртшылық алдында көрсетілді. Аталмыш шарада осылайша қызылордалық көрермен қауым көптеген туындыларды тамашалап, олардың өнерін жоғары бағалады.