ТАНЫМАЛ ЖУРНАЛИСТ «ШУДЫҢ БОЙЫНДА» ӘНІН СЫНАП ТАСТАДЫ
Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы соңғы кезде хитке айналған “Шудың бойында” әнін сынға алды, деп хабарлайды http://stan.kz. “Сенің мойныңда менің іздерім” дей ме? Әлде мен қағыс естідім бе? Сүйіктісінің мойнынан керзі етікпен басып кеткен бе сонда? О байғұста не жан қалды? Әлде мойнынан тепкілеген бе? Әлде айтып тұрған “ізі” – жәмәәән қыздардың мойнында болатын “із” бе??? Сүйіктісіне сондай “із” қалдырған не деген есалаң, оңбаған жігіт? Және онысын өлеңге қосқаны қай сасқаны??? Айтпақшы, мен той жүргізсем, осы сияқты… сосын “…три татарина…кому это надо, никому не надо” дей ме.., сондай әнсымақтарды қойдыртпаймын, естеріңізде болсын, мәңгүрт әншілер мен әндер”, – деп жазады ол желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары қазір осындай мағынасыз әндердің қаптап кеткенін айтып жатыр. Олар мұндай әндердің бірден хитке айналатынын айтып ашынды.