ӘНШІ АЛТЫНАЙ ЖОРАБАЕВА ЕКІНШІ РЕТ КҮЙЕУГЕ ШЫҚПАЙТЫН БОЛДЫ
Соңғы уақытта жұрт Алтынай Жорабаеваның өміріне қызығушылықпен қарауда. Тіпті, ел арасында әнші «екінші рет күйеуге шығады» деген қауесет те тарап кеткен еді. Оған Жорабаева ханымның өзі де кінәлі көрінетін сыңайлы. Тұрмысқа шығасыз ба? деген тілшілердің сұрағына екі ұшты жауап берген. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
«Сіз тұрмысқа шығасыз ба деді? Мен айттым, егер ертең күнімнің қандай болатынын мен білмеймін ғой. Егер адам кездесіп жатса, оған менің көңілім толып жатса, қыздарыммен ақылдаса келе, егер дұрыс болып жатса, неге шықпасқа. Қартайып қалған түгім жоқ дедім», – дейді әнші Алтынай Жорабаева.
Алтынайдың ажырасқанына да биыл үш жыл толыпты. Содан бері әнші тек балаларына ғана көңіл бөліп келген.
«Менің қыздарым оларға көңілімді бөлу керекпін. Олардың қасында үнемі мен табылу керекпін. Сабаққа апарып тастап, алып келу», – дейді әнші.
Тіпті, әнші жалғыздыққа еті үйреніп кеткені соншалықты, үйдегі ер адам істейтін жұмыстарды да өзі атқара беретін дәрежеге жетіпті.
«Ваннадағы сантехникалық жұмыстарды өзім жасай беремін. Сатып алып келетінін алып келіп өзім ауыстыра саламын. Индира екеуміз күлеміз мен тіпті, басқа қалаға қонақүйге барғанда да раковинаға бір шаштар тұрып қалса мен соларды тазалап жүремін. Шыдамаймын», – дейді Алтынай Жорабаева.
Алайда, әнші осы уақытқа дейін жүрегін дір еткізіп, өзіне баурап алатын ер адамды әлі кездестіріп үлгермепті.
«Сүйіктім жоқ, той болмайды. Мен де ондай ой жоқ әлі. Басқа біреуге кетіп онымен махаббат болып басыммен кету обал болады», – дейді әнші.