ӘЛІШЕР КӘРІМОВ «ЖАҢА ТОЛҚЫН – 2014» БАЙҚАУЫНДА 10-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
«Жаңа толқын – 2014» байқауы да аяқталды. Бірінші орынды грузиялық әнші Нуца Бузаладзе иеленді, екінші және үшінші орындарды украиналық Виктория Петрик және Вячеслав Рыбиков бөлісті. Ал Қазақстан атынан додаға қатысқан Әлішер Кәрімов небары 10-орыннан көрінді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
Байқаудың алғашқы күнінің қорытындысында 2-орында тұрған жерлесіміз күн өткен сайын кейін сырғып, сайыстың ақтық сынында 10-орынға табан тіреді. Алғашқы күндері шәпкімізді аспанға атып қуанғанымызбен, байқау қорытындысы жария етілген сәтте бұл қуанышымыз су сепкендей басылды. Дегенмен, соңынан санағанда үшінші орын алудың өзі жетістік деп, өзімізді жұбатқандай болдық.
Жалпы, биыл «Жаңа толқын – 2014» байқауына 13 мемлекеттен 16 жас әнші қатысты. Армения, Германия, Грузия, Израиль, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдава, Ресей, АҚШ және Украинадан жиналған жезтаңдай әншілер өзара бақ сынасты.
Қазылар алқасы кілең ресейліктерден құралды: Игорь Николаев, Лайма Вайкуле, Леонид Агутин, Валерий Меладзе, Константин Меладзе, Филипп Киркоров, ал төрағасы Ресей композиторы Игорь Крутой.