АҚТӨБЕДЕГІ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ АЯҚТАЛДЫ
Ақтөбе облысындағы Қызылорда облысының өнері мен мәдениет күндері аяқталды. «Сыр–Алаштың анасы» тақырыбында Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Сыр елі өнер күндерінің Гала-концерті өтті. Гала-концертке Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, «Томирис» би ансамблі, қазақ эстрадасы жұлдыздары Гүлнұр Оразымбетова, Алмас Кішкенбаев, Гүлхан Сіргебаева, Дәулет Болатбаев, жыршылар – «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Руслан Ахметов, Майра Сарсенбаева, Шолпан Бимбетова, Кунсұлу Түрікпен, Нұртілек Ахтаев, Әзілхан Мақсатбаевтар қатысты.
Мәдени шара барысында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Нұрқатова Сара Қайыржанқызы және Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы өнер майталмандарына сәттілік тілеп, алғыстарын білдірді. 11 қараша күні Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда «Сәлем Сырдың елінен» атты Қызылорда облыстық филармониясының концертімен жалғасты. Концертте Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, Сыр елінің жыраулық мектептерінің өкілдері өнерлерін ақтөбелік ағайындарға паш етті.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында Қызылорда облысының өнер күндері аясында, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында жинақталған этнографиялық, археологиялық және өлке тарихына байланысты жәдігерлерден «Шежірелі Сыр елі» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, Ақтөбе жұртшылығы назарына ұсынылды.