ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту бойынша тұжырымдама әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Министр 2015 жылы қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтетініне тоқталды. Осыған орай Елбасы тапсырмасымен министрлік үлкен тұжырымдама әзірлеген.
«Бүгін Үкімет отырысында осы тұжырымдама талқыланды. 550 жылдық дегенде көптеген деректер бар. Неге 2015 жылы қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады деген сұрақ туындайды. Әр тарихшының өз көзқарасы бар. Біз ғалымдармен мұқият бұл сұрақты терең зерттеп, Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» деген еңбегіне сүйене отырып, бүкіл ғалымдар бір тұжырымға келді. Яғни, 1465 жылы Керей хан мен Жәнібек хан Шу мен Талас өлкелерінде сол кездегі тайпалар, рулардың басын қосып, қазақ хандығын құрды», - деп толықтырды министр.
Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының активімен кездесу барысында қазақ мемлекетінің тарихы қазақ хандығынан бастау алатынын, келер жылы Жәнібек пен Керей құрған қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатынын айтқан болатын.