ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ҚОЛӨНЕРШІ АЙЖАН БЕКҚҰЛОВА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Қызылорда қаласында өткен «Қолөнер-сырлы өнер» атты ІІ-ші Республикалық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесінде гобелен, кесте өнері номинациясы бойынша Жаңақорған ауданынан Айжан Бекқұлова жүлделі 1-ші орынды иеленді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, халқымыздың көне мәдениетін әр сабақ жіпке сыйғызып жеткізе білген қолөнер шеберінің туындылары ұлттық мағына мен мазмұнда көркемделген.
Айта кетейік, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұйымдастыруымен, «Қарлығаш» шеберлер орталығының басшысы Қарлығаш Ильясованың басшылығымен өткен көрме-жәрмеңкеге аудандар мен өзге қалалардан жалпы 30-дан аса қолөнер шеберлері қатысқан болатын. Онда ағаш бұйымдары, зергерлік-сәнді әшекей бұйымдары, құрақ көрпе, киіз бұйымдары, кілем, керамика мен мүйізден жасалған бұйымдар мен мүсіндер қойылды.