PINK FLOYD ТОБЫНЫҢ ЖАҢА КЛИПІ АРАЛ ТЕҢІЗІ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛДЫ
Әйгілі Pink Floyd тобының Louder than Words ("Сөзден де қаттырақ") композициясына түсірілген жаңа клипіне Арал теңізінің көріністері енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бейнебаянды түсірумен ағылшынның Hipgnosis продюсерлік компаниясы айналысты, ол Pink Floyd тобымен 40 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді. Режиссер Обри Пауэлл бастаған төрт адам өздеріне қажетті материалды түсірді. Оларға қазақстандық Kochegary Studio компаниясы көмектесті.
Режиссердің айтуынша, клиптің басты ойы - адамның әрекеті олар айтқан сөзден де күштірек. "Сіз айтқан нәрселерден гөрі сіз істеген іс маңыздырақ. Бейнеклип Арал теңізіне қатысты. Біз экология мәселесін қозғадық. Теңіздің тамаша, әдемі кадрларын, жағадағы кемелерді түсірдік. Біз клипте: "Теңізді қайтарайық" деген ой айтамыз, оның оралатынына үміттенеміз", - деді Пауэлл.
Клипмейкер Арал теңізінің проблемасы туралы білетінін және ол жайлы идеяны Pink Floyd фронтменінің қолдағанын айтты. "Біз клип бұл мәселеге назар аударту керек деп шештік. Біз теңізді қалпына келтіруге болатынын көрсетуды қаладық. Өмірімізде жағымсыз жайттар болған кезде одан қандай да бір жақсы нәрселерді таба білу керек. Бәрін нашар жағдайда көру міндетті емес. Клиптің меңзегені - ең алдымен оң көзқарас. Pink Floyd тобының басқа әндері сияқты бұл композиция да терең мағынаға, философияға толы", - деді ол.
Бейнебаяннан екі буынды көруге болады - Арал теңізін көрмеген жастар және немерелеріне теңіздің қандай болғанын айтып отыратын қарттар. Басты кейіпкерлер ролінде Аралдың жергілікті тұрғындары ойнады. Клипте Pink Floyd солистері де болады, бірақ олар Ұлыбританияда түсірілді. Айта кетейік, музыканттар Қазақстанға 1998 жылы келген, сол кезде Арал теңізінде болған.
Топтың Louder than Words әні The Endless River соңғы ресми әнжинаққа енеді, ол 10 қарашада жарыққа шығады. Күйтабаққа 1993-1994 жылдардағы композициялар да еніп отыр, ол 2008 жылы қайтыс болған Рик Райттың "қоштасу әні" тәрізді болады. Pink Floyd рок-тобы өзінің философиялық мәтіндерімен, акустикалық тәжірибелерімен, альбомдарды безендірудегі инновацияларымен, ауқымды думандарымен танымал, ол - рок-музыкадағы ықпалды топтардың бірі. Ұжымды 1965 жылы бір курста оқитын Ричард Райт (пернелі аспаптар, вокал), Роджер Уотерс (бас гитара, вокал), Ник Мэйсон (ұрмалы аспап) және Сид Барреттер (вокал, гитара) құрды. Кейін Барреттің орнына Дэвид Гилмор келді.
Pink Floyd тобы 1994 жылы өздерінің бір альбомын шығарып, ыдырағандай болды. Топ 2005 жылы Live 8 концертінде соңғы рет классикалық құрамда өнер көрсетті.