"НОВАЯ ВОЛНА-2014": ЕКІНШІ КҮНІ ӘЛІШЕР КӘРІМОВ 4-ОРЫН АЛДЫ
Латвияның Юрмала қаласында өтіп жатқан танымал музыка жас орындаушыларының "Новая волна-2014" халықаралық байқауының екінші күнінде қазақстандық Әлішер Кәрімов төртінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Екінші күнгі сын орындаушылардың өз елінің хит әндеріне арналды, сайыскерлер танымал әншілермен бірге өнер көрсетті.
15-ші болып сахнаға шыққан Әлішер Кәрімовке бұл сында "Новая волна-2010" байқауының украиналық жеңімпазы Татьяна Ширко серік болды. Олар "Исповедь любви" әнін орындады.
Ресейдің халық әртісі, композитор, танымал продюсер Игорь Крутой төрағалық еткен қазылар алқасы Қазақстанның атынан бақ сынап жатқан музыкантқа екі күннің нәтижесі бойынша жалпы 143 балл берді.
Шығармашылық сайыстың екі кезеңінің қорытындысы бойынша грузиялық Нуца Бузаладзе (151 балл) көш бастады. 150 балл алған украиналық Виктория Петрик пен Вячеслав Рыбиков екінші орынды иеленді. Айта кетейік, Виктория Петрик өзінің сіңлісі, "Детская Новая волна" және "Детское Евровидение" байқауларының жеңімпазы Анастасия Петрикпен бірге ән шырқады. Бұдан кейінгі орынға 145 балға қол жеткізген ресейлік Юлия Плаксина мен Нодар Ревия және латвиялық Моника Линките көтерілді. Төртінші орынды Әлішермен бірге армениялық Сона Рубенян да иемденді.
Байқаудың екінші кезеңінің алдында "Дзинтари" сахнасында Валерий Леонтьев, Лайма Вайкуле, Александр Серов, Борис Моисеев, Сосо Павлиашвили, Любовь Успенская, Анжелика Варум сияқты танымал әртістер "Блестящие" тобы ән салды. Кештің арнайы мейманы италиялық опера әншісі Алессандро Сафина болды.
Айта кетейік, байқаудың алғашқы күні Әлішер Кәрімов 73 ұпайға ие болып, украиналық Виктория Петрикпен және Вячеслав Рыбиковпен бірге екінші орынға көтерілген еді. Ол Адриано Челентаноның Confessa әнін орындады. Ал алғашқы орын грузиялық Нуца Бузаладзеге (76 балл) бұйырып, үшінші орын ресейлік Нодар Ревияға (72 балл) тиген болатын.
"Новая волна-2014" халықаралық байқауы Юрмалада шілденің 22-сінен 27-сіне дейінгі аралықта өтеді. Биыл өнер бәсекесіне 13 мемлекеттен 16 орындаушы қатысып жатыр. Сайысты "Қазақстан" ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Еске сала кетейік, 2013 жылы "Новая волна" байқауына Қазақстанның атынан ADAM қатысып, бесінші орынды иеленді. Былтырғы байқауда кубалық Роберто Кел Торрес жеңімпаз атанды.
Қазақстандықтар бұл байқауда әлі күнге дейін алғашқы үштікке енген емес. Еліміздің атынан өнер көрсетушілерге тек "Көрермендер көзайымы сыйлығы" және Алла Пугачеваның арнайы жүлдесі ғана бұйырды.