АРАЛ ӨНЕРПАЗДАРЫ ЫРҒЫЗ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Арал аудандық мәдениет орталығы өнерпаздарының ұйымдастыруымен «Аралым айдын шалқарым» атты концерт-кеші өтті.
Кешке Арал ауданы әкімінің орынбасары Р.Өтешов қатысып, Ырғыздық өнер сүйер қауымға ыстық лебізін білдірді.
Арал аудандық ардагерлер делегациясының мүшелері А.Үмбетов пен Ә.Әуезовтің және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Дәрменовтің қатысуымен өткен кеш екі аудан арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Ырғыз халқы Арал топырағынан шыққан шайырлар мен дүлдүлдердің жырларымен, айдынды Арал өнерпаздарының жыр-маржанынан сусындады.