НЗМ САХНАСЫНДА – «КІШКЕНТАЙ ХАНЗАДА»
Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жанынан құрылған «Шағала» драма үйірмесі көрерменге кезекті қойылымын ұсынды. Бұл жолы театрдың жас өнерпаздары Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» ертегісін cахналады.
Қойылымға қатысушылар ертегіні жоғары дәрежеде орындау үшін РФ-ның атақты актеры Константин Хабенскийдің спектакль-монологынмен танысты.
-Біз бұл ертегіні әдебиет сабақтарынан оқығанбыз. Одан кейін заманауи өмірге бейімделген сенсациялық мультфильмді көрдік. Сосын барып, ертегіні талқылап, қойылым қоюға кірістік, дейді кішкентай Ханзаданың рөлін сомдаған Валерия Цой.
-«Кішкентай ханзада» кітабы бұл - мәңгілік шығарма. Қандай жағдай болмасын менің үстелімнен табылатын, менің өмірлік сұрақтарыма жауап алатын бірден бір құралым десем де болады, - дейді үйірменің жетекшісі Жанар Омарова.
«Кішкентай Ханзада» драма үйірмесінің төртінші қойылымы. Бұған дейін олар көрермендерге «Чучело», «Ромео және Джульетта», «Чайка по имени Джонатан Левингстон» атты қойылымдарын ұсынған болатын. Алдағы уақытта үйірме әскери және заманауи тақырыптарға қойылым қоюды жоспарлап отыр.

