«ҚАЗАҚФИЛЬМ» БАЛУАН ШОЛАҚ ТУРАЛЫ КӨРКЕМ ФИЛЬМ ТҮСІРМЕК

Киносценарий М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сахналанған «Жаужүрек» пьесасының желісі бойынша жазылған. Қазір түсірілім тобы толықтай жасақталды. Дайындық кезеңінде тұрған түсірілім фильмге қажетті киімдерді тігіп, реквизиттер әзірлеп, декорацияларды тұрғызып жатыр.
Фильмнің түсірілімдері Алматы облысы және Солтүстік Қазақстан облысында өтеді. Фильмнің сценарийі бірнеше жыл бойы жазылған және қайта өңделген. Фильмге танымал өнер иелерімен қатар экранға алғаш шығып жатқан актерлер де түсетін болады.
«Актерлер іріктелді. Алайда бас кейіпкерді әзір айта алмаймын. Себебі екі актердің арасында таңдау үстіндеміз», - деді фильм режиссері Нұргелді Садығұлов.