БҮГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР КҮНІ

Халықаралық театр күніне орай, алғашқы жолдауды француз жазушысы мен суретшісі Жан Кокто (Jean Cocteau, 1889—1963) жазған болатын. Театр атауы көне грек тілінің "theatron" (θέατρον) сөзінен шыққан. Комедия мен трагедия - театрдың ең танымал жанрлары. Екі жанрды сипаттайтын бетперде театр нышанына айналған. Халықаралық театр күні – бұл театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның төл мерекесі.
Сахна саңлақтарының кәсіби мейрамы жыл сайын атап өтіледі. Қазақтың қара шаңырағы саналатын М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жыл сайын мереке қарсаңында «Театр көктемі» атты фестиваль өткізеді. Биылғы фестиваль белгілі актриса, сахна тарланы Шолпан Жандарбекова есімін жаңғыртты.