АҚТӨБЕ КАМЕРАЛЫҚ ХОРЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫҢ ҚОШЕМЕТІНЕ БӨЛЕНДІ
Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының камералық хоры Сыр еліне гастрольдік сапармен келді.
Қатар жатқан екі облыстың мәдени байланысын нығайту мақсатында ұйымдастырылған кеште өнер ұжымы "Елім-ай", "Илигай", "Он алты қыз" секілді халық әндерін орындады. Сондай-ақ, ақтөбелік өнерпаздар Е.Хасанғалиевтің "Сәулем", Д.Сүлеевтің "Қуанышым менің", Д.Әбдінұровтың "Қуырмаш" және орыс халық әндерін тамылжыта шырқап, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Айта кетейік, аталған камералық хор - еліміздегі іргелі өнер ұжымдарының бірі. Репертуары жаңа туындылармен үнемі толығып, жыл өткен сайын шығармашылық шабытпен жұмыс жасауда. Халықаралық, республикалық додаларда да топ жарып жүр. Бұған дейін олар халықаралық "Жұбанов көктемі", "Астана ән қанатында" хор музыкасы фестивальдерінде жүлделі орындарды иеленген болатын.