МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Жігер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ән- бізді біріктірді» атты мүмкіндігі шектеулі жастардың Республикалық шығармашылық фестивалі болып өтті, - деп хабарлайды облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі.
Фестиваль Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы қаржыландырып отырған «Мүмкіндігі шектеулі жастармен жұмыс жасау бойынша әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік маңызды жобасы аясында ұйымдастырылды. Фестивалдің басты мақсаты мүмкіндіктері шектеулі жастардың потенциалын көрсету, шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану болып табылады. Өнер сайысы «Вокал», «Би», «Музыклық аспапта ойнау» сияқты үш номинациядан тұрды.
Республикалық фестивальге 27 мүмкіндігі шектеулі жас қатысты. Сайыс қорытындысымен Гран-При жүлдесі Жұмабаев Ерлан (Атырау қаласы) иеленді. Вокал номинациясы бойынша: І орынды №5 көзі нашар көретін балалардың мектеп интернатының оқушысы Д.Хабибуллева, ІІ орынды атыраулық Қ.Атолл, ІІІ орынды Байқоңыр қаласынан келген Э.Попова иеленді. Би номинациясы бойынша: І орын №6 құлағы нашар еститін балалардың мектеп интернтының оқушылары «Жауқазын» бишілер тобына бұйырды. ІІ орынды Психикалық-жүйке ауруларының интернатынан Н.Тулебаева, ІІІ орынды Шиелі ауданынан келген А.Абибулла және Атырау қаласынан келген М.Артыковалар жеңіп алды. Музыкалық инструментте ойнау номинациясы бойынша:І орынды Атырау қаласынан келген «Жаса» вокалды инструменталды ансамблі иеленсе, ІІ орынды Байқоңыр қаласынан келген Ниязбаев Ғани алды.
Фариза ОМАРОВА