САНДУҒАШ ҮНДІ СЫР ҚЫЗЫ
Қасиетті Сыр елінің топырағында туып, әнімен әлемге танылған Роза Бағланова өнерде өзгеше із қалдырды. Дүниеден өзі озса да, ел есінде оның күмістей сыңғырлаған үні мен әсем әуендері қалды.
Биыл сандуғаш үнді Сыр қызының туғанына 95 жыл толуына орай Қармақшы аудандық мәдениет үйінде "Бұлбұл әнші" атты әншілер байқауы өткізілді.
Байқауға елді-мекендерден 13 өнерпаз қатысып, өнерлерін ортаға салды. Қазылар алқасының шешімімен І орын Қызылтам ауылының жас әншісі Арайлым Махамбетжановаға берілсе, ІІ орын Дүр Оңғар ауылының өнерпазы Нұртуған Алматовқа бұйырды. Ал ІІІ орынды Төребай би ауылының өнерпазы Хамза Ұзақов пен ІІІ-Интернационал ауылының жас әншісі Нұржан Елубай иеленді. Барлық қатысушыларға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хаттары табысталды.