АТА ДӘСТҮРІНЕ АДАЛДЫҚ
Осы ай басында облыстағы белгілі қолөнер шебері Құдайберген Құлмамбет пайғамбар жасына жетті. Осыған орай аудан орталығында өткен шараға шебердің жақындары, әріптестері мен шәкірттері қатысты. Өнер кешінде Құдайберген ағаның сан қырлы таланты мен еңбеқорлығы, ұлттық өнерге деген жанашырлығы жайлы кеңінен айтылды.
Қ.Құлмамбетов 1954 жылдың 1 ақпаны күні Арал қаласында туған. Осындағы Т.Шевченко атындағы №13 мектепті бітірген оның бойында қылқаламға, саздан мүсін жасауға, ағаштан ою оюға деген құмарлық ерте кезден-ақ қалыптасты. Мектепте оқып жүріп-ақ 30-дан астам көрме мен конкурстарға қатысты. Сегізінші сыныпта жүргенде алғаш рет өзінің жеке көрмесін ұйымдастырғаны әлі есте.
Сондықтан да мектеп бітіргенде бозбала Құдайберген көп ойланған жоқ, өзі оқыған мектепке суретші-әрлеуші болып орналасты. Ал 1996 жылдан бастап қолданбалы өнермен тұрақты айналысып келеді.
2003 жылы Құдайберген Құлмамбетов Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі атанды. Бұл оның шығармашылығына шабыт беріп, өзі қатысқан бірқатар көрмелер мен конкурстарда үздік шықты. Форум, симпозиумдарға қатысып, атадан қалған өнер жайлы таным өрісін кейейте түсті. Бүгінде оның қолынан шыққан дүниелер ел музейлерінде сақтаулы тұр. Кейбір шығармалары шетел асты. Аралдық шебердің есімі 2007 жылы үш тілде баспа жүзін көрген «Сырдың сырлы бояулары» кітабына енді.
Біздің кейіпкеріміз отбасындағы он тоғызыншы бала екен. Әкесі, осы атырапқа белгілі ұста Тағжан 18 сегіз қыздан кейін көрген ұлынан көп үміт күтіпті.
- Атам Ізбасқан, әкем Тағжан осы өңірге белгілі ұста болған кісілер, - дейді Құдайберген аға. – Сондықтан менің басқа жолды таңдауым да мүмкін емес еді. Жас кезімнен-ақ жұрттың тапсырысын орындай бастадым. Әкем қайтыс болғаннан кейін тіпті шеберханадан шықпайтын болдым. Оның иісі сіңген әр затын аялап ұстауға тырыстым. Маған үйреткен әр сабағын көңілімде қайта жаңғырттым. Қазір өмірімнің өзегіне айналған өнерге осылай келдім.
Өнерлі, өнегелі жолды кие тұтқан Құдайберген қыз-келіншектерге арнап алқа, сәукеле, сақина, құсмұрын жүзік, қапсырма, білезік, қарсы ілгек, шашбау, тұмарша, сырға, белдік, түрлі сувенирлер; ерлерге арнап сүйекпен өрнектелген домбыра, дегмент белбеу, шақша, кәдесый ретінде қылыш, қанжар, тағы басқасын да жасай береді. Бабалар мен аталар жасаған жәдігерлердің уақыт өте келе тозығы жеткен. Соны ескерген Құдайберген ондай өңдеуге келмейтін бұйымдарды балқытып, иесінің сұранысы бойынша қайтадан жасап береді. Жасау тәсілдері де оңай емес, көне үрдіспен құйма құяды, қақтайды, шекиді, бұрама, сіркелеу, сым-кәптеу, оймыштау, көзтана, қаралау, бұлау және көпшілік біле бермейтін басқа да тәсілдерді қолданады.
- Мен соғатын зергерлік бұйымның көпшілігі күмістен, - дейді Құдайберген аға. - Қазақ халқы ежелден күміске ерекше мән берген. Күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сенген жұрт күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажайып емдік қасиеті де жоқ емес.
Соңғы жылдары елімізде қолөнер саласында кәсіп иелері көбейіп келеді. «Бұл бізге деген мемлекеттік қолдаудың арқасы» дейді аралдық шебер. Ол 2014 жылы Елбасы Жарлығымен бекітілген «Құрмет грамотасын» иеленді. Келер жылы ҚХА «Алғыс хаты» мен Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасының «Қазақстанның үздік тауары» номинациясы иегері атанды. «Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме жеңімпазы болды
Қолданбалы өнер шеберлерін қолдау орталығының басшысы Қарлығаш Ілиясованың айтуынша Құдайберген Құлмамбетовтің қолынан шыққан дүниелер елімізде жоғары бағаланады.
Бүгінде Құдайберген Құлмамбетов елордада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық үстінде. «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өтетін көрме аясында Қызылорда-Қорқыт ата мемориалдық кешені-«Байқоңыр» ғарыш кешені маршруты ұйымдастырылып отырғаны белгілі.
– Халықаралық көрме аясындағы бұл маршрут біз үшін өз өнерімізді өзгеге таныстырудың тағы бір мүмкіндігі,– дейді шебер.