ЖАНҚОЖА БАТЫРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ЕРЛІГІ ТУРАЛЫ ЖАЗЫЛҒАН КІТАПТАР ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
Халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдық мерейтойына арналған шаралар Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада өткен батыртың өмірі мен ерлігі жайлы шыққан кітаптардың тұсаукесер рәсімінен бастау алды.
Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар өткізіліп, батыр есімі кеңінен насихатталуда. Осы ретте батырдың өмірі мен ерлігі және өнегелі істері туралы жазылған Әбдісаттар Оспановтың 3 томдық «Наркескен» тарихи-көркем трилогиясы, Молдахмет Қаназдың «Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» зерттеулер мен мақалалары, Нұрлан Көбегенұлының «Жанқожа батыр туралы жырлар», Сардарбек Қожағұлдың «Жанқожа батыр» дастандар жинағы оқырман қауымға кеңінен таныстырылды. Кеште «ҚазМұнайГаз» жобалау ғылыми-зерттеу институтының Заң-ұйымдастыру департаментінің директоры Балапан Дәреже, ардагер журналист Айжарық Сәдібекұлы кітап туралы, Жанқожа батыр туралы көптеген естеліктер, пікірлерін айтты.
- Жанқожа батыр туралы шынайы деректер ұзақ уақыт бойы бүркемеленіп, мұрағаттарда шаң басып жата берді. Кейбірі жоғалды да, тек еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі халықтың бостандығы үшін күрескен халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлы туралы шындықтың беті ашылды. 74 жыл ғұмырымның 57 жылын осы Жанқожа батырды зерттеуге арнадым. Әрине, оңайға түскен жоқ. Осы 3 томдық «Наркескен» кітабын да екі жылға жуық уақыт отырып жаздым, - деді тарихи-көркем трилогиясының авторы Ә.Оспанов.
Сондай-ақ, кеште батыр жайында жазылған Ә.Оспановтың «Аттаныс» күйі, «Жанқожа батыр» атты әні, Ә.Күлшебаевтың «Қолбасшы» күйі көпшілік назарына ұсынылды. С.Қожағұлдың «Жанқожа батыр» дастанынан үзінді де орындалды.
Шынар БЕКБАН