2016 ЖЫЛҒЫ «АЛТЫН ДОМБЫРА» ИЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Алматыда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы аяқталды.
Айтыс қорытындысы бойынша, Гран-при иегері Мұхтар Ниязовқа «Алтын домбыра» мүсінімен қатар, 3 млн теңге жүлде қоры мен қосымша Дүниежүзілік қысқы универсиада демеушілері атынан 2 млн теңге табыс етілетін болды. 1-орын иеленген Болатбек Оразбаевқа 2 млн теңге жүлде қорымен қатар,1 млн теңге, 2-орын алған Жансая Мусинаға негізгі жүлде қорындағы 1 млн теңгеге қосып, 500 мың теңге берілді. Ал 3-ші орын алған Серікзат Дүйсенғазин, Мейрамбек Сұлтанхан, Иранғайып Күзенбаев пен Өміржан Көпбосыновқа әр қайсысына 500 мың теңгеден берілді.