«ЖАҢА ТОЛҚЫН - 2014»: БІРІНШІ КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ - ӘЛІШЕР КӘРІМОВ ЕКІНШІ ОРЫНДА
Латвиядағы курорттық қала Юрмалада «Жаңа толқын 2014» жас орындаушылардың танымал музыкасының 13-ші халықаралық байқауының бірінші конкурстық күні аяқталды.
Оның нәтижесі бойынша Грузиядан келген Нуца Бузаладзе 79 балл жинап алға шықты. Конкурсанттар «әлемдік хит» санатында бақ сынасты.
Екінші орынды үш конкурсант - Украинадан Виктория Петрик және Вячеслав Рыбиков, сондай-ақ Қазақстаннан Әлішер Кәрімов бөлісті. Олар 73 балдан жинады. Үшінші орында 72 балл жинаған Ресейдің конкурсанты Нодар Ревия.
«Жаңа толқын - 2014» байқауы 22 шілдеде Юрмаладағы "Дзинтари" концерттік залының сахнасында басталды, ол 27 шілдеге дейін жалғасады. Биылғы жылғы өнер бәсекесіне әлемнің 13 елінен: Армения, Германия, Грузия, Израиль, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Ресей, АҚШ және Украинадан 16 жас әнші қатысуда.
«Қазақпарат»