КӨМЕЙІНЕ ҒАСЫРДЫҢ ҮНІ ҚОНҒАН
Жуырда Нартай Бекежанов атындағы облыстық драма театрында «Қазақтың күміс көмей Көшенейі» атты баспасөз конференциясы өтіп, онда Көшеней Рүстембековтің апасы Ыдық Рүстембекова, інісі Бидас Рүстембеков, жырау Алмас Алматов, Жұмабек Аққұлов, Елмұра Жаңабергеновалар жыр жампозы туралы естеліктер айтты, деп хабарлайды облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі.
Көшенейдің әкесі Рүстембек те, атасы Жиенбай да ел білетін жыраулар еді. Бүгінде Арнұр Көшеней жыршы-термеші әулетінің сынығындай боп алдыңғы буынның жолын жалғастыруда. Көшенейдің бауыры Бидас аға да дәстүрлі өнерді өшірмеу жолында еңбек етіп келеді.
Баспасөз мәслихаты барысында Көшеней Рүстембековтің жыр-термелері жинақталған үнтаспаның тұсауы кесіліп, тыңдарманға жол тартты.
Рухани шара түс ауа театрда дәстүрлі орындаушылардың республикалық фестивалімен жалғасты. Алдымен көрермен назарына «Жыр дүлдүлі – Көшеней» атты бейнеролик ұсынылды. Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов жыраудың дәстүрлі өнерді дәріптеудегі еңбегіне тоқталды.