«СЫР ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ ШЫМЫЛДЫҒЫН АШТЫ
«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының төл жобасы «Сыр жұлдыздары» облыстық ән байқауы жас өнерпаздарға шымылдығын ашты.
Осымен 8-ші мәрте өткізілгелі отырған жобаға әр аймақтан 50-ден аса өнерпаз өз өнерін паш етті. Олар эстрада, дәстүрлі, поп, блюз, хип-хоп, джаз жанрында ән шырқап, өздерін жан-жақты қырларынан көрсететін болады.
Жүзден жүйрік шыққан 20 жас келесі кезеңге жолдама алды. Жартылай финал 26-27 қазанда өтеді. Жас өнерпаздардың ән әлеміне деген алғашқы қадамдарын ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Сыр жұлдыздары» облыстық ән байқауының көркемдік жетекшісі Қаракөз Ақдәулетова, музыкант Ғалым Елубаев және сазгер Альберт Алмағанбетовтер бағаламақ.
Айта кету керек, бүгінде қазақ эстрадасында танылып жүрген Қайыржан Оспанов, Индира Ахметова, Саламат Әбутәліпов, «Заратуштра бэнд» тобының әншісі Сая Үмбетова, «Адажио» топтары осы байқау арқылы көпшілікке танылған.
Шынар БЕКБАН