«СӘТ» ТОБЫ СЫРБОЙЫЛЫҚТАРҒА КОНЦЕРТ БЕРДІ
Жарық әлемінің шуағын көре алмаса да, көпшіліктің көзайымына айналып, ықыласына бөленген «Сәт» тобы сырбойылықтарға концерт берді. Қос жігіт қоңыр даусымен көрермендердің жүрегіне жол таба білді.
Осыдан 5 жыл бұрын құрылған топтың бүгінде өнер атты даңғыл жолда өзіндік орны бар. Шығармашылық топ бүгінге дейін бірқатар байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Топ мүшелері Сапарбай мен Азат көпшіліктің сұранысына сәйкес облыс орталығына арнайы келген. Бүгінде «Сәттің» репертуарында 50 астам әндері бар. Кеште 20 шақты жаңа ән шырқалды. Соның 15 жуығы орындаушылардың өз шығармалары.
Өнер иелері қызылордалық ән сүйер қауымға «Елім менің», «Туған жер» секілді патриоттық әндерден бастап «Жүрегім жылама», «Қош, махаббат!», «Аққуым» секілді лирикалық туындыларын ұсынды. Көрермен әсерлі әндерді жүрекпен сезініп орындаған қос әншіге ризашылығын білдірді.
Айта кету керек, «Сәт» тобының ән кешінде шырқалған репертуарларында мұңлы шығармалардан гөрі көңіліңді жадыратар туындылар көбейген.