БАЙҚАУ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен қаладағы түрлі мекемелер арасында «Мамандығым — мақтанышым» тақырыбында бейнероликтер байқауы өткізілді.
Облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің хабарлауынша, ережеге сәйкес бейнеролик сол саланың қиындықтары мен қызықтарын, жұмыс барысын көрсете білуі керек. Сайысқа 8 бейнеролик ұсынылып, оның ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының жастар комитеті дайындаған бейне ролик үздік деп танылды. Сонымен қатар, жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілері 2017 жылғы іс-шаралар жоспарына өз ұсыныстарын білдіріп, жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталды.