БАКУ САХНАСЫНДА ЖЫР ТӨКТІ
Арал қаласындағы дәстүрлі өнерді өзіне серік еткен өнерпаздардың бірі №83 орта мектебінің оқушысы Ақмарал Ідірісова. Мектеп табалдырығын алғаш аттағаннан ұстазы А.Жоламановтың «Мұрагер» домбыра үйірмесінен дәріс алды.
Одан соң, мәдениет орталығындағы «Жалпы жыр-терме» үйірмесінің жетекшісі, жыршы-термеші Г.Бейісоваға шәкірт болды. Ал, бүгінде А. Тәңірбергеновтен сабақ алуда.
Бірнеше облыстық байқаулардың жүлдегері атанған А.Ідірісова жуырда Қызылорда қаласында өткен VІІ «Мугам» халықаралық жыршылар фестивалінің іріктеу турында жеңімпаз атанып, Баку қаласында өтетін фестивальге жолдама алған болатын. Ал, Бакудегі сапарында конкурс дипломанты атанды.